Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың төтенше жағдай кезіндегі жұмысқа және олардың зардаптарын жоюға дайын болуы көбінесе оларды сапалы оқыту мен тәжірибелік дайындыққа байланысты. Іс жүзінде әрбір өрт түтінмен сипатталады. Тыныс алуға жарамсыз ортада қойылған мақсатты орындау үшін газ-түтіннен қорғаушылар тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын қолдана білу керек. Тыныс алуға жарамсыз ортада берілген тапсырманы орындау үшін газ-түтіннен қорғаушылар түрлі ауыр жұмыстар атқарады, эвакуациялау кезінде өрттен адамдар мен материалдық заттарды алып шығу оңай емес. Жедел-тактикалық жағдайда өрттің алдын-алу қиынға соғады. Уақыттың тапшылығына байланысты өрт сөндіруші дұрыс шешім қабылдауы керек. Жылу-түтін камерасындағы іс жүзінде дұрыс ұйымдастырылған дайындық нәтижесінде өрт сөндірушілердің іс-әректтері табысты және қауіпсіз болады. Өрт сөндіруші және құтқарушылардың біліктілігін және тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруда кәсіби шеберлігінің деңгейін арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан жылу-түтін камерасында 376 қызметкердің қатысуымен тәжірибелік сабақ өткізілді. Олар зардап шеккендерді іздеу және оны таза ауаға шығару, сондай-ақ өрт ошағын табу және сөндіру тапсырмалары бойынша өз тәжірибелерін шыңдады.
Шымкент қаласы ТЖД