Алматы, 2026 жылғы 13 наурыз. Ақпан айының қорытындысы бойынша су жаңа INFINITI QX80 сатылым көрсеткіщі бойынша өз класының көшбасшысы атанып, брендтің Қазақстан автомобиль нарығының премиум сегментінде үшінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Бұл туралы марканың ресми дистрибьюторы Orbis Auto автомобиль тобы хабарлады. Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметінше ақпан айында елде 47 INFINITI автокөлігі сатылған.
Сұраныстың негізгі драйвері жаңа флагмандық жол талғамайтын INFINITI QX80 моделі болды. Сатылымның алғашқы айында 21 автомобиль сатылып, тағы 10 автомобиль наурыз айының бірінші жартысында өз иелеріне табысталады. Флагмандық модельдің нарыққа шығуы брендке деген қызығушылықты арттырып, QX50 және QX55модельдерінің сатылымына да оң әсерін тигізді. Сатып алушылар тарапынан қызығушылық бастапқы болжамнан артып түскендіктен, дистрибьютор Қазақстан нарығына арналған автомобильдердің қосымша өндірісіне тапсырыс берді.
Қазақстандағы марканың ресми дистрибьюторының айтуынша, жаңа QX80 моделінің нарыққа шығуы елде INFINITI брендін қайта жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды.
«QX80 моделінің өз класындағы көшбасшылығы және брендтің премиум сегментте үшінші орын алуы қазақстандық тұтынушылардың INFINITI маркасына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді. Бұл маңызды көрсеткіш нарықтың заманауи, технологиялық әрі шынайы люкс санатындағы жол талғамайтын көліктерді талап ететіндігінің белгісі. Біз брендтің жаңартылған модельдік қатарына деген жоғары қызығушылықты байқай отырып, марканың нарықтағы қатысуын, сондай-ақ модельдік қатарын кезең-кезеңімен кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деді Дмитрий Панасов, Қазақстандағы INFINITI дистрибуциясының директоры.
Жаңа INFINITI QX80 – бренд тарихындағы ең технологиялық жол талғамайтын көлік. Модель 450 ат күшін және 700 Н·м айналу моментін қамтамасыз ететін қос турбонаддувпен жабдықталған 3,5 литрлік V6 бензин қозғалтқышымен ұсынылады. Қозғалтқыш 9 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптастырылған. Автокөлікте жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заманауи технологиялардың кең ауқымы қарастырылған. Олардың қатарында биометриялық салқындату функциясы бар климаттық бақылау жүйесі, 3D форматындағы айналмалы шолу жүйесі, бірінші және екінші қатардағы жылыту және желдету функциясы бар орындықтар, сондай-ақ 24 динамигі бар Klipsch премиум аудиожүйесі бар.
Қазақстан нарығында модель Sensory және Autograph екі жабдықталымда ұсынылады. Sensory нұсқасы 7 және 8 орындық салон конфигурацияларымен қолжетімді. Ұсынылатын бөлшек сауда бағалары: Sensory (7 орын) – 69 900 000 теңге, Sensory (8 орын) – 74 900 000 теңге, Autograph – 84 900 000 теңге.
Еске салсақ, 2023 жылы Orbis Auto автомобиль тобы Қазақстанда Nissan және INFINITI брендтерінің ресми дистрибьюторы мәртебесіне ие болды. Қазіргі таңда Қазақстан нарығында марканың үш моделі ұсынылған – INFINITI QX80, QX50 және QX55, ал брендтің дилерлік орталықтары Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейді. Ресми дистрибьютордың мәліметінше, 2026 жылдың соңына қарай жаңа INFINITI QX60 моделінің нарыққа шығуы күтілуде. Бұл брендтің модельдік қатарын кеңейтудің келесі кезеңі болмақ.
Assel Ryskaliyeva
