Бейнебақылау камераларының көмегімен жалған нөмірлері бар автокөліктерді анықталды

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында қазіргі заманғы технологиялардың, оның ішінде Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығымен интеграцияланған бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда. Мысалы, бейнебақылау камераларының бірінде жедел басқару орталығының кезекшілері «жалған нөмірі» бар автокөлікті байқады. «Toyota Camry» жүргізушісі нөмірлік белгінің орнына автокөлікке «TurAvto»деген жазуды қойған.

Автокөлікті ұстауға дереу патрульдік полицейлер бағытталды, олар құқық бұзушыны тоқтатып, көлікті айыппұл тұрағына қойды. Сонымен қатар «Қорғау» бағдарламасы арқылы жалған мемлекеттік тіркеу белгісі бар “Daewoo Nexia” автокөлігі тоқтатылды. Полиция көліктің орналасқан жерін анықтап, айыппұл тұрағына жеткізді. Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.