Автокөлікті ұрлап сатып жіберген

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ұрлығына қатысы бар 36 жастағы жұмыссыз тұрғынды ұстады.

Анықталғандай, күдікті ер адам қарияның жалғызбасты екенін біліп, түнгі уақытта дарбазасынан асып түскен. Үй алдында тұрған құны 2,5 миллион теңге тұратын «Lada» маркалы есігі ашық көлік күдіктінің ұрлық жасауына еш қиындық тудырмаған.

Яғни автокөлікті сүйреп алып шығып, Тараз қаласына қарай бет алған. Оңай жолмен пайда табуды көздеген ол автокөлікті 200.000 теңгеге сатып жіберген.

Полицейлер қолды болған көлікті тәркілеп, заңды иесіне табыстады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілу үстінде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі