Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы облыс аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол бермеу бойынша кәсіпкерлермен кездесті. Аталмыш шараға облыстық полиция департаменті қызметкерлері, әкімдік, прокуратура, құзыретті органдар қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуде полиция департаментінің қызметкерлері жер қойнауын өз бетінше пайдалануға жол бермеу, оларды анықтау, жолын кесу секілді заңда жауаптылық қарастырылғаны туралы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар жер қойнауын өз бетінше пайдаланушыларды анықтау бағытында бірлескен мобильді топтар құрылып, рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар ұдайы жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Жиынға қатысқан сала мамандары күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ іс-шарада кәсіпкерлер тарапынан тиісті мамандарға сұрақтар қойылып, оларға заң аясында жауап берілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі