Шымкенттік полицейлер ипотекаға пәтер алып беремін деп алдап кеткен тұрғынды анықтады

2021 жылдың 14-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД. Онда, бейтаныс азаматша ипотекаға пәтер алып беремін деп, 400.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен. Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ №29 УПП қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.