Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мобильді топтар құрылған деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Олардың жалпы саны — 104. Жыл басынан бері мобильді топ құрамы мен полиция қызметкерлері 87730 нысанды аралап, 1745-нен карантин талаптарын бұзғаны анықталған. Талапқа бағынбаған 7 тойхана мен 1 компьютерлік клубтың жұмысын уақытша тоқтату бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.
«Карантин талаптарын сақтамағандардың қатарында жеке кәсіпкерлер саны — 46, заңды тұлғалар — 2, лауазымды тұлғалар — 26, жеке тұлғалар — 1671. Тыйым салынған 235 мерекелік іс-шара тіркелді. Сондай-ақ, 51 көкпар ұйымдастырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, көпшілік орында бетперде тақпау, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимін сақтамауы сынды деректер тіркелуде. Мәселен, бір күннің ішінде Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында 7 отбасылық мереке ұйымдастырылған. Жалпы нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабының 1-бөлігі бойынша 98 580 015 теңге айыппұл салынды. Сондықтан барша облыс тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырамыз», — деді Асқар Бекболатұлы.
Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлердің жұмысына жеңілдік жасап, тұрғындар үшін тамақтану орындарының жұмыс режимін 9:00-23:00-ге дейін ұзарту туралы қаулы шығарған болатын. Дегенмен, қаулыда көрсетілген уақыт режимін сақтамаған 75 қоғамдық тамақтану орындары анықталған.
В Туркестанской области приостановили работу 7 банкетных залов, не соблюдавших карантинные требования
В Туркестанской области созданы мобильные группы по надзору за соблюдением карантинных требований передает Региональная служба коммуникаций Туркестанской области.
Их общее количество — 104. С начала года состав мобильной группы и сотрудники полиции посетили 87730 объектов, из 1745 выявлены нарушения карантинных требований. Вынесено решение суда по приостановлению работы 7 банкетных залов и 1 компьютерного клуба. Об этом на брифинге сообщил заместитель руководителя областного департамента санитарно-эпидемиологического контроля Аскар Искаков.
«В числе не соблюдающих карантинные требования количество индивидуальных предпринимателей — 46, юридических лиц — 2, должностных лиц — 26, физических лиц — 1671. Также стало известно, что организован 51 кокпар. Кроме того, фиксируются такие факты, как не ношение масок на публике, несоблюдение режима работы предприятий общественного питания. Так, за один день в Сайрамском, Сарыагашском, Мактаральском, Отрарском, Ордабасинском, Казыгуртском районе организовано 7 семейных праздников. В целом по части 1 статьи 425 Кодекса РК Об административных правонарушениях наложено штрафов на сумму 98 580 015 тенге. Поэтому призываем всех жителей области соблюдать требования карантина», — сказал Аскар Бекболатович.
Главный государственный санитарный врач области постановил продлить режим работы заведений питания для населения с 9:00 до 23:00. Тем не менее, в постановлении выявлено 75 мест общественного питания, не соблюдающих указанный режим времени.