Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының білім басқармасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, ақпараттық жүйелерінің үзіліссіз жұмыс жасауына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына арналған Қоғамдық бақылау жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға қоғам өкілі ретінде қоғам белсендісі республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Жұмыс барысында: Басқармада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізді.
Сонымен қатар, бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сондай-ақ, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті