Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!Ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке — бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін.

Ізгі тілекпен полковник Мадияр Жақсыбаев Шымкент қаласының ТЖ департаменті бастығы