Бүгін Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бөлім басшысы Ермек Қаңлыбаев «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, Еңбек кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша семинар-тренинг өткізді.
Жиында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және Шымкент қаласы әкімдігі арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі мәселелер қозғалды.Сонымен қатар, қызметкерлерден еңбек заңнамасы бойынша қойылған сауалдарға тиісті жауап берілді.Айта кетейік, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нде кәсіподақ құрылған. Бүгінгі таңда серіктестікте 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.