Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Үшжақты комиссия отырысында күн тәртібінде қаралған мәселелерден соң, 5 компания «Ancon», «Су ресурстары — маркетинг», «ПетроКазахстанОйлПродактс», «Mobil Plas Көмек» және «Химфарм» компаниялары «Парыз» конкурсының жеңімпаздары атанып, арнайы номинациялар бойынша қала басшының қолынан бағалы сыйлықтарға ие болды. Өз кезегінде, «Еңбек жолы» байқауының жүлдегерлері Шымкент мұнай өңдеу зауытының қызметкері Рүстем Әбубәкіров, «Жоғары медицина колледжінің» тәлімгері Майра Сайлауова және «Химфарм» АҚ-ның жас маманы Яна Леденева тиісті аталымдар бойынша марапатталды.Жиын соңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев бастауыш кәсіподақ ұйымы Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і және Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы құрамындағы салалық кәсіподақ қатарындағы «ПетроКазахстанОйлПродактс» өкілдерін алған марапаттарымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы