Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұқпалы аурулар ауруханасына барды

Ағымдағы жылдың 14-қазан күні (сенбі) қызылша ауруы бойынша эпидемиялогиялық жағдайдың күрделуіне байланысты Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жұқпалы аурулар ауруханасына барды.

Басқарма басшысы ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген науқас балаларлың ата аналарымен кездесіп, проблемаларын тыңдады. Емделушілердің басым бөлігі қабылдау бөліміндегі медициналық қызметті күту уақытының ұзақтығына шағымданды.

Басқарма басшысының тапсырмасымен қабылдау бөліміндегі жұмыстарды жүйелеу бойынша аурухана бас дәрігері Бақтығали Ережеповке бірқатар тапсырмалар берілді. Нәтижесінде емдеу мекемесіндегі қабылдау бөлімінде қосымша бекеттер көбейтіліп, күнделікті тағы да 3 балалар дәрігері кезекшілікпен емделушілерге көмек көрсететін болды.

Сондай-ақ қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен жұқпалы аурулар ауруханасына көмек көрсету есебінде емханалардан күніне 2-дәрігер жіберілетін болды.

Дәрігерлердің айтуынша, қызылша – вирустық жұқпалы аурулардың бірі және ол ауа тамшылары арқылы өте тез таралады. Бұл инфекция шамамен 100 пайыз сезімталдықпен сипатталады, яғни, бұрын қызылшамен ауырмаған немесе вакцинацияланбаған адам науқаспен байланыста болған жағдайда оны жұқтыру қаупі өте жоғары. Қызылшаның жиі кездесетін асқынуларының арасында ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхопневмония, жатыр мойны лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит секілді аурулар бар. Әрі 80 пайыз жағдайда бұл вирус балаларға жұғады. Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық жағдайдың нашарлауы кезінде жасалса да, қызылшаның дамуына жол бермейді.

Денсаулық сақтау басқармасы АТА-АНАЛАРДЫ балаларын қызылша ауруынан қорғау үшін вакцина салдыруға шақырады.