2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 244 отбасындағы 450 адам «қандас» мәртебесін алды, ал 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 27 отбасынан 34 адамды құрады.
Қандас мәртебесін алған адамның ішінде – 225 ер адам және 225 әйел адам, 18 жасқа дейінгі – 132 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар – 50 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 268 адам. Білім деңгейі бойынша жоғары білімді – 49 адам, орта арнайы білімді – 125 адам, жалпы орта білімді – 88 адам, білімі жоқ – 6 адам.
Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келген. Қоныс аударған 441 адам Өзбекстан, Қырғызстаннан келген – 1 адам және Ресейден келген – 6 адам және Түркіменстаннан – 2 адам.
Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысады.
Шымкентте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Бүгінгі таңда бейімдеу қызметін 19 отбасынан 51 адам алуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығына бүгінгі таңға 96 қандас жүгінген. Олардың ішінен 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда:
- 14 адам тұрақты бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған;
- 3 адам жастар практикасына;
- 3 адам қоғамдық жұмыс орындарына;
- 9 адам алғашқы жұмыс орындарына;
- 1 адам «Күміс жас» жобасына;
- 18 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде https://business.enbek.kz/kk оқуға тіркелген.
Сонымен қатар Шымкент қаласына 2024 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 537 адамға бірлік квота бөлінді.
Бүгінде бөлінген квота негізінде 15 кәсіпорындар мен ұйымдарда 107 шетелдік адам, оның ішінде 1 санат – 7 адам, 2 санат – 14 адам, 3 санат – 84 адам, 4 санат– 2 етел азаматтарының рұқсаты қолданыста. Осы кәсіпорындарда 4 147 Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейді. Қазақстандық қамту көрсеткіші 97,7 пайызды құрайды.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 46,0 млн.теңге алым жергілікті бюджетке түсті.