Сыбайлас жемқорлықпен күрес

 Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруды басты назарға алды. Осы бағытта құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүмкін еместігін айтты. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру , тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады.

 Жемқорлық саясатын жүзеге асыруда Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің  кезекті кездесуі  Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен болды. Кездесудің мақсаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,  мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу. Жиынды  Бекбосынов Ермек Төленұлы — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі басқарып  еліміздегі құқық қорғау  саласының сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беруге бейім екендігі ескеріліп, оның алдын алу, азаматтар мен емделушілер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыйбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.