Кәсіпкерді заңсыз тексергені үшін  лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

лауазымды

Сарыарқа ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобына лауазымды тұлға тарапынан заңсыз тексеруді жүзеге асыруға қатысты азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын жеке кәсіпкер жүгінді.

Уәкілетті органның лауазымды адамы тексеруді тағайындау туралы актісіз кәсіпкерге баруды жүзеге асырғаны және мүлікке құқық белгілейтін құжаттар талап етілгені анықталды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлға  әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының Call-орталықтарына жүгіну қажет екенін еске салады.

Астана қаласының прокуратурасы