Жазғы кезеңнің басталуымен тұрғындар арасында мопедтер мен электрлік скутерлер секілді көлік түрлері қайтадан танымал болды.
Жүргізушілермен екі дөңгелекті көлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Алайда, полиция қызметкерлері қабылдаған шараларға қарамастан, олар жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастырып, жол апаттарына әкеп соғуда.
Апаттылықты азайту мақсатында полицейлер мопедтер мен электрлік скутерлердің қатысуымен ЖКО жиі болатын облыс орталығының көшелері мен қала сыртындағы трассаларды қарқынды түрде патрульдеуде.
Жолдарда шағын көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібіне күшейтілген бақылау енгізілді. Жыл басынан бері 485 мопед жүргізушісі және 251 электрлік скутер жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айып тұрағына 153 скутер қойылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті осы көлік құралдарын пайдаланушыларға ұқыпсыз көлік жүргізудің қауіптілігі және жолдағы қозғалыс ережелерін сақтамау туралы еске салады.