Түркістан облысының полицейлері апта ішінде карантин талаптарын бұзушылықтың 10 жайтын анықтады

Коронавирус инфекциясының кең таралып жатқанына байланысты, тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтік жұмыстарды жүргізуде деп хабарлайды ТО ПД-ның баспасөз қызметі. Осы тұста Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары апта ішінде ҚР Түркістан облысының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзып, карантин талаптарын сақтамаған 10 жайтты анықтады. Мысалы, кешкі сағат 17:20 шамасында қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкеннің сатушысы бетпердесіз қызмет көрсеткен. Сонымен қатар дәріханалардың бірінде де қызметкері бетперде тақпастан жүрген. Полиция қызметкерлері аталған жайттарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім шығару үшін тиісті орынға жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайдылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанғандарыңыз жөн.