Полиция 100 келіден астам насыбай тәркіледі

насыбай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, оның денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өтті.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ІІМ-мен рейд жұмыстары жүргізілуде. Мәселен Түркістан облысында 10 күн ішінде насыбай сатқан 202 адам анықталып, тыйым салынған тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша хаттама толтырылды.

Сонымен қатар полициямен жалпы 100 келіден астам насыбай тәркіленіп алынды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысының полициясымен насыбайдан бөлек адам денсаулығына зиянды қорқор, электронды темекі бойынша рейд жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі