Түркістан облысы бас полицейінің бастамасымен сервистік полиция моделі аясындағы жұмыстар қарқынды іске асырылуда

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» атты халыққа үндеуіндегі тапсырмаларды, полицияның сервистік модельге көшуі яғни, тәртіп сақшыларының қолжетімді, ашық әрі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі, білім біліктіліктерін арттырып, қылмыстардың азаюы мен тосқауыл қойылуы жайында жүйелі жұмыстар іске асырылып жатыр. Ал бұл жұмыстарды одан әрі де тиімді әдістерді қолдана отырып, уақытпен бірге жедел жүзеге асуы үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың бастамасымен арнайы мамандар киелі өңірге келген болатын. Олар: полиция полковнигі Милюк Алексей Казимирович, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің консультанты Эльмира Хисамутдинова, полиция подполковнигі Алмагамбетова Амина Солдатовна, Қарағанды академиясының оқытушысы, зерттеу жетекшісі Молбасин Сағынған. Аталған мамандар 3 күн бойы Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу жұмыстарын жеделдету мен сапалы іске асыру бойынша жұмыстарды атқарды. Стационарлық бекеттерге барып, учаскелік инспекторларды, патрульдік полицейлерді, анықтаушыларды жинап, арнайы дәрістер өткізді.Нұр-Сұлтан қаласынан келген топ мүшелері соңғы күнінде департаменттің мәжіліс залында кездесу өткізді. Жиналыс департамент бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденовтің төрағалығымен жүргізілді. Бас қосуға департаменттегі полиция құрылымдарының басшылары және облысқа қарасты 17 ауданның полиция басшылары бейнеселектор арқылы қатысты. Сонымен қатар жиналыстар барысында полицейлерге сервистік полиция моделін одан әрі де дамыту үшін халыққа бірінші кезекте жақын әрі қолжетімді болу мен ашықтық турасында әңгіме өрбіді. Мәселен полиция подполковнигі Амина Алмагамбетова «профилактика» дегенді қалай түсінетінін полицейлерден сұрады. Өз кезегінде сақшылар қылмыстың алдын алу деп жауап берді. Осы сәтте арнайы маман Амина қылмыстың алдын алу үшін қандай жұмыстарды атқару керектігі туралы мысалдарды келтіре отырып, түсіндіріп берді.Бұл мамандар полицияның сервистік моделі бойынша талдауларды қарап, қылмыстардың орын алуы, себеп-салдары мен оны болдырмау жолдарын анықтауда қажетті дамыған елдердің әдістерін көрсетті.Ал мұндай жұмыстар өз кезегінде Түркістан облысын қауіпсіз әрі қылмысы аз облыс қатарынан көрініп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, қауіпсіз аймаққа айналдыруға үлкен үлесін қосады.

ТО ПД баспасөз қызметі