Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Өсербаевтың бұйрығымен Керімбек Әлікерімұлы Мырзабаев облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары-Ассамблея хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Керімбек Әлікерімұлы 1985 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қаржы және құқықтану бакалаврі.
Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласында «DAXX Group» ЖШС Бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары болып бастаған.
2009-2010 жылдары Сайрам аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инспекторы болған.
2010-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты қызметін атқарған.
2016-2021 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешенді және кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің бас инспекторы, Түркістан облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мониторингі бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2021-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Астана филиалының ұйымдастыру бақылау бөлімінің меңгерушісі болған.
Бүгінгі күнге дейін «ASTANA» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, департамент директоры болып еңбек етіп келді.