Қазығұрттық полицейлер мереке қарсаңында жұбайы қызмет бабында қайтыс болған тұрғынды құттықтап қайтты

Қазығұрттық полицейлер мереке қарсаңында жұбайы қызмет бабында қайтыс болған тұрғынды құттықтап қайтты. Қайырымдылық — ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Осы тұста Түркістан облысының полиция қатарында жаны жомарт, қайырымды, адамгершілік секілді ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, өз елінің нағыз патриот офицерлері қызмет атқарады. Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды ел қорғандары өздеріне парыз еткен. Адам баласының осынау асыл қасиетін айшықтайтын қайырымдылық іс-шарасы — бүгінде біздің полиция қызметкерлерінің арасында кең етек жайып, тұрақты түрде ұйымдастырылады.Тәртіп сақшылары осындай кезекті қайрымдылық іс-шараларды жалғастыру барысында «Конституция күні» мерекесіне орай бағалы сыйлықтарын алды, қасына гүл шоқтарын қосты. Жақсылық жасауға асыққан тәртіп сақшылары уақытша ұстау изоляторының полицейі лауазымында жұмыс жасап, қызмет бабында қаза болған Атымтай Ахметовтің жары Гүлмира Ахметованың үйіне барып қайтты. Жағдайын сұрап, сыйлықтарымен қоса гүл шоқтарын беріп, қуантты. Өз кезегінде Гүлмира Ахметова полицейлерді мерекелерімен құттықтап, алғысын айтты. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тіледі.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі