Театр репертуарында осы күнге дейін 27 қойылым сахналанып, оның 13 әлем классикасынан, 10 қазақ операсының шығармалары және 4 балаларға арналған қойылымдардан құралған. Көрермендер үшін сахнада қойылып, қолданыста жүргені 15 қойылым. Бұл туралы Шымкент қалалық опера және балет театры директорының орынбасары Келімбетов Талғат Құрманбекұлы баспасөз брифингінде театрдың тынысы жайлы және алға қойған жоспарларымен бөлісті:
Қалалық опера және балет театры 2008 жылғы 7 қарашада театр шымылдығын «Інжу-маржан» қойылымымен алғашқы рет сахналады. Театр шымылдығының ресми ашылуы – Астана мен Алматыдан кейiнгi үшiншi қала деп дәрiптелген Шымкент үшiн осынау өнер ордасының ерекше мәртебеге ие болатыны назарға алынған болатын. Мүмкіндігінше ел игілігі үшін, көрерменнің талғамынан шығу мақсатында тынбай еңбектенуде.
15 жылдық тарихы бар театр құрамында 201 қызметкер жұмыс жасап, халыққа қызмет етеді. Атап айтсақ, симфониялық оркестр ұжымы, хор ұжымы, балет ұжымы және солисттерден құралған өнер майталмандары жұмыс жасайды.
Әлемдік опера жұлдызы Майра Мұхамедқызы театр тізгінін алған алғашқы күндерінен бастап, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өзінің жеке шығармашылық идеясынан туған, Т.Жармұқамедтің «Домалақ ана» операсын көпшілік өнер сүйер қауымға тарту етті. «Домалақ ана» – Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера болды.
2021 жылы «Домалақ ана», «Қамар сұлу», «Қыз Жібек» сынды опералар жаңа стильде театр репертуарында жаңартылды. 2022 жылы «Золушка» операсы, Р.Леонковаланың «Паяцы» операсы және балаларға арналған С.Баневичтің «Кашка, кошка молоко» ертегісі, Р.Гайсиннің «Көк түрік» балалар ертегі мюзикілі репертуар қоржынын жаңартып толықтырды.
Сондай-ақ жаңа маусым жоспары бойынша театрдың көркемдік құрамының отырысы өтіп, театр репертуарын қайта жаңарту мақсатында жоспарға өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, әлем классикасынан Р.Салаватовтың «Қарлы ханым» балеті, Жорж Бизенің «Кармен» операсы жаңа форматта өткізілуі жоспарға енгізіліп отыр.
Сонымен қатар Т.Жармұқамедтің «Домалақ ана» операсымен шет елдерге гастрольдік іс-сапарға шығу жоспарлануда. 2024 жылға жоспар бойынша Дж.Пучиннидің «Мадам Батерфляй» операсы, халықаралық балет күні мерекесіне орай «NEO-Classic» мюзиклін премьералау және «Сұлтан Бейбарыс» операсын жазып, қазақ ұлттық опера қатарына және әлем опералар қатарына қосуды жоспарлаудамыз.
Болашаққа деген тың жоспардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Қазақстанның үшінші мегаполисі атанған, тарихы терең Ұлы Жібек жолында жатқан, салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмаған алып Шымкент шаһарында жаңа «Опера балет» театры салынғалы тұр. Алдағы уақытта шетелдерге гастрольдік сапармен шығу жоспары, күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл жобалар театр үшін үлкен жетістіктер алып келетіні сөзсіз!