Отан отбасыдан басталады

Отан

Шымкентте жастармен өзекті мәселелер бойынша кездесу өтті. Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесінен бастау алады. Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы Индустриалды-техникалық колледжінде «Лайықты ұрпақ — болашақ кепілі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесінен бастау алады. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Кездесу осы мақсатта ұйымдастырылды. Шараға Тұран ауданы әкімдігінің қызметкері Сахов Мадияр, Шымкент қаласы психикалық денсаулық сақтау орталығының психолог маманы Умарбекова Айнұр, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан қатысты.

«Жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу – бәрімізден бірлік пен ынтымақты талап ететін басты міндет. Сондықтан да жастардың жан-жақты, әрі олардың ізденісте, қозғалыста болуына ықпал етуіміз керек»,- деді Мадияр Сахов.

Сондай-ақ, дін істері басқармасының теолог маманы жастарға дін жайында айтып, жастарды толғандырған бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінде «Саналы ұрпақ–жарқын болашақ кепілі» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге Әл-Фараби ауданының «Аналар» кеңесінің төрайымы Барлыбаева Тұрсынай және «Аналар» кеңесінің мүшесі Оразбек Дариға қатысты.

Ардагерлер жастарға ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани-адамгершілік қатынастарды дамыту, ұлттық болмыс пен халқымызға тән өзіндік мәдени құндылықтарды бағалауда жастарға тәлім-тәрбие тұрғысынан ақыл-кеңестерін айтып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен де бөлісті.

 Халық арасындағы «Отан отбасынан басталады» деген қағи­­даға айналған сөз қай кезде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасымыз «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп берді. Отбасы — кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. Туған ұясы атанған отбасы қажеттілігін ешқашан жоғалтпайды. Өйткені, ол белгілі бір әлеуметтік институт. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес.