Сайрам ауданындағы теміржол көпірі кеңейтіледі

теміржол

Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар «Шымкент-Ақсу» бағытындағы автомобиль жолдың 14 шақырымындағы жерүсті теміржол өткелін қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жобалаушы мекеме «Sunkar Building-A» ЖШС тарапынан жер үсті теміржол өткелін қайта құруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 248 нысан немесе 1061,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды деп көзделуде.