«World cleanup day» акциясы өтті

Бүгінде аудан көлемінде әр сенбі күні тазалық акциясы өтуде. Аталған сенбіліктерге 200-ден аса адам қатысқан болатын. Қатысушылардың айтуынша, сенбілік қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Аудандағы сенбілік дәстүрі Дүниежүзілік тазалық күніне орай Жібек жолы ауылдық округінде жалғасты. Еліміз бойынша 16 қыркүйек күні жыл сайын «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day)» акциясы ұйымдастырылып өткізіледі. Акцияның мақсаты – халықты біріктіре отырып, аумақтарды қоқыстан тазарту болып табылады. Сенбілікке елді мекендегі мемлекеттік мекемелер және ауыл тұрғындары белсене қатысып, өз аумақтарын ретсіз күл қоқыстан тазартты.