Сайрамда әкімнің төрағалығымен мәжіліс өтті

мәжіліс

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Жиын барысында күн тәртібінде көтерілген көктемгі көшет егу жұмыстарының жоспары жайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Жақсылық баяндады.

Келесі кезекте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы аудандық кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баходыр Олжаев кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, наурыз айында өткізілетін мерекелік іс- шараларға дайындық жұмыстары жөнінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мади Нұрлыбаев атап айтты.

Ал ауданның 2024 жылға арналған даму жоспарының негізгі индикаторларының декомпозициясы туралы мәселелерді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұдан бөлек, аудандық аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Бекзат Дарменбаев және аудандық ветеринариялық қызметі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Беглан Абдихаев аудан бойынша 2024 жылы атқарылатын профилактикалық, диагностикалық (қан алу), энзоотиялық және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою жайлы іс-шаралар жоспарларымен бөлісіп, аудан аумағында орналасқан «Беккари» шұңқырлары, «Сібір жарасы» ошағы туралы тұрғындарға ақпарат берді. Өз кезегінде, аудан бойынша ветеринария саласындағы шешімін таппай отырған өзекті мәселелерді де атап өтті.

Аппарат мәжілісін қорытындылаған аудан әкімі Арман Сәбитұлы баяндамашыларға мәжіліс барысында жол бойындағы билбордтарды заңдастыру және заңсыз құрылыстар, Ақсукент, Арыс, Қарабұлақ, Көлкент және Қарасу ауыл округтерінің шекарасын нақтылау бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жайлы бірқатар сұрақтар қойды. Күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен талқылап, оларды шешу бағытында нақты тапсырмалар берді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі