Сайрам ауданында тойхана спорт нысанына айналды

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі бағытын өзгертуге пандемия сеп болды.

Өткен жылы тойхана салған бизнесменнің жаңа ғимараты бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған соң, бос тұрған. Қазір «Достық» спорт мектебінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды. Спорт залдың іші заман талабына сай жасақталған.

Екінші қабатында ересектерге арналған залы жұмыс істейді. Сайрам ауданының спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізеді.

Тойхана стала спортзалом в Сайрамском районе

В Туркестанской области во время карантина увеличилось число предпринимателей, которые ранее занимались ресторанным бизнесом передает пресс-служба акима Туркестанской области.

Для местного бизнесмена Омирхана Оразымбетова пандемия внесла изменения в бизнесе.

Свадебный ресторан, построенный в прошлом году, пустовал после введения ограничений на проведение мероприятий из-за пандемии. И он переоборудовал его в спортзал.

На данный момент в новой спортивной школе «Достык» 200 детей занимаются бесплатно по пяти видам спорта. Здесь работают кружки таэквондо, дзюдо, самбо, карате и гимнастики. Восемь квалифицированных тренеров приобщают детей к спорту. Спортивный зал укомплектован по современным стандартам.

Помимо этого, на втором этаже работает зал для взрослых. По информации специалистов отдела спорта Сайрамского района, здесь проводит свободное время сельская молодежь, которая ведет здоровый образ жизни.