2023 жылғы 26 наурызда Түлкібас АПБ-ға Сайрам ауданының тұрғынынан Арыс өзеніндегі судан кішкентай қыздың денесін тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 наурызында Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің 4 жасар қызын Арыс өзенінің ағысымен алып кеткені туралы айтып, арызданған болатын.
Баланы іздеуге Түлкібас АПБ-ның барлық жеке құрамы, ТЖМ және прокуратура өкілдері, 30 адамнан тұратын еріктілер бағытталды. Осы уақыт ішінде іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарды қырағы болуға шақырады және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.