Түркістан қаласы аумағында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Қыркүйек айының 13-19 аралығына жоспарланған бұл шараға ювеналды полиция инспекторлары және «Жастар» ресурстық орталығы мен адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Осыған орай жеке құрам жасөспірімдердің беймезгіл уақытта жүруін болдырмау мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде бір күн ішінде ойын-сауық кешендері мен саябақтардан 12 жасөспірім ұсталып, басқармаға жеткізілді. Сондай-ақ 4 оқушы мен 2 жайсыз отбасыға әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеріс кезінде тағы 8 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ескерту жасалды.Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлері аймақтағы білім беру ұйымдарын жеке-жеке аралап, оқушылармен кездесу ұйымдастырды.Онда әсіресе жоғары сынып оқушыларына қатысты арнайы құқықтық дәрістер жүргізіп, құқықбұзушылықтардың зардаптары туралы егжей-тегжейлі түсіндіріді. Бұған қоса полицейлер оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісінше нақты жауап беріп, ашық сұхбат өтті.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі