Шымкенттің бас полицейі мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне көз жеткізді 

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы Таевтің бастамасымен, шаһарымыздың халық қалаулылары, яғни мәслихат депутаттарымен О.Жолдасбеков атындағы №9 IT білім ордасындағы мектеп әкімшілігімен және оқушылармен кездесті. 
Кездесу барысында бас полицей мектептегі бейнебақылау камералары мен «SOS»дабыл түймесінің нақты уақыт режимінде жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді. 
Сондай-ақ, мәжіліс залында оқушылармен және мектеп ұжымымен кездесу өткізіп, балалардың қауіпсіздігі мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отырғанын жеткізді. 
Бұған қоса , қоғамдағы жастар арасында белең алған есірткі қылмысы туралы және оған қарсы атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы сөз қозғады. Жасөспірімдердің қатысуымен орын алып жатқан, жол-көлік оқиғаларын да назардан тыс қалдырмады. 
Мемлекет басшысы президентіміздің жолдауында атап өтілгендей адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасатынын, жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге қоғам болып жауапты екенімізді айтып өтті. Сәйкесінше, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті. 
Жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан аулақ болуға, бос уақытын пайдалы өткізуге және өнер, білім мен спортқа жақын болуға шақырды. 
Оқуда ерекше көзге түскен әрі белсенділік танытып жүрген оқушыларға арнайы алғысын білдіріп, оларды ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табыстады. 
Өз кезегінде, мектеп оқушылары полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлына көкейдегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды. 
Жиын барысында мәслихат депутаттары да сөз алып, қала тұрғындарының үштен бірін жастар құрайтынын және олардың  болашағы жарқын, келешегі кемел болуына тілектес екенін білдіріп, ағалық ақыл-кеңестерін айтты. 
 Департамент бастығының бастамасымен қолға алынған бұл іс-шара алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын табады.