Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының ұйымдастыруымен қала әкімінің орынбасыры бекіткен жоспарға сәйкес арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шара аудан аумағында орналасқан Оңтүстік және Еламан Шүкіров түрғын алаптарында ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — болуы мүмкін сел ағыны, су тасқыны жағдайда халықтың жасайтын іс-қимылдарын және жедел ден қоятын қызметтерінің дағдыларын пысықтау. Оқу-жаттығуға аудандық ТЖ және аудандық әкімшілік қызметкерлері, №2 өрт сөндіру бөлімінің жеке қүрамы, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысты. Тұрғындарды эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету элементтері іс-жүзінде орындалды.
Сел, су тасқыны қауіпті аймақтарда халықтың дайындығын алдын ала пысықтап, тексеру өте маңызды.
Шымкент қаласы ТЖ департаменті ескертеді!
Сел қаупі туындауының белгілері – қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жауынның жаууы; сел қауіпті өзеннің бастауындағы мореналық (мұздық) көлдер мен олардың ақтарылу қаупін туғызатын ауа температурасының кенеттен және ұзақ уақытқа көтерілуі; өзендегі су деңгейінің кететтен төмендеуі немесе көтерілуі; су лайлылығының артуы.
Қауіпсіздік шаралары:
1. Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз;
2. Егер сел қауіпті арнаның жоғарғы жағында қарқынды нөсер жаңбыр байқалса, сел қауіпті арнадан кетіңіз;
3. Қозғалыстағы сел тасқындарына 50-70 метрден жақын бармаңыз;
4. Тік құздар мен тік беткейлерге жақын тоқтамаңыз, опырылым болуы мүмкін;
5. Сел арнасы бойынша қозғалыс кезінде адамдардың арасы 20-30 м қашықтықта құрауын қадағалаңыз.
лейтенант Шыңғыс Нұрмахан Еңбекші ауданы ТЖ басқармасы азаматтық қорғау тобының офицері