Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым өкілдері, барлық саланың мамандары мен еңбек азаматтары қатысты. Марапатталғандардың қатарынан кәсіподақ мүшелері де табылды. Атап айтсақ ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:1. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның бас механигі Арбузов Дмитрий 2. «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ның жүк артушысы Жантелиев Зайдулла3. «Shymkent Bus» ЖШС-ның жүргізушісі Оралбаев Ратбай Ағабекұлы«Ерен еңбегі үшін» медалімен:1. Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арнайы кітапхананың тифлология бөлімінің меңгерушісі Бәкиев Ербек2. Қаламыздың тазалығына жауапты мекеменің қолмен жинау учаскесінің жұмысшысы Алиярова Гүлжан Төлендіқызы3. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шымкент магистралдық желі бөлімшесі» филиалының аға электромеханигі Айдаров Нұрлан ТүзелханұлыҚазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:«Қуатжылуорталық-3» МК-ның жылу жүйесін дайындау бойынша слесарі Әбдешов Бауыржан Қалдарбекұлы марапатталды.Салтанатты шарада кәсіподақ мүшелерінің қуанышына «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлттеев куә болды.Сондай-ақ, кәсіподақтар жұмысына үнемі ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген журналист, «Алтын алқа» баспасының директоры, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Әсет Әссанди «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Марапат құтты болсын әріптестер! Кәсіподақ мүшелерінің қуанышы – ортақ қуанышымыз! Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі