Төлеби ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өткен жылы 66 отбасы тұрғын үймен қамтылған. Биыл Ленгір қаласындағы I мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысы аяқталып, 180 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 11 000 шаршы метрді құрайды.
Сонымен қатар, Қасқасу ауылдық округі Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас және Кеңесарық елді мекендеріне газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Қасқасу ауылдық округі бойынша 65,7 шақырым газ құбырын тарту жоспарланған. Бүгінгі күнге 10 шақырым газ құбырының шұңқыры қазылды.
Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Алдағы уақытта Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады.
180 квартир сдадут в этом году в Толебийском районе
В Толебийском районе полным ходом идет строительство жилья передает Пресс-служба акима Туркестанской области.
В прошлом году 66 семей отпраздновали новоселье. В этом году в 1-м микрорайоне города Ленгер завершится строительство 9 пятиэтажных домов на 20 квартир каждый. Их общая площадь составляет 11 000 кв. метров. Таким образом, планируется обеспечить жильем 180 семей.
Кроме того, в сельском округе Каскасу ведутся работы по прокладке газопровода в населенные пункты Каскасу, Верхний Каскасу, Керегетас и Кенесарык. Из запланированных 65,7 км газопровода, на территории этого сельского округа уже проложено 10 км. Отметим, в настоящее время из 55 населенных пунктов Толебийского района 48 полностью обеспечены природным газом. Оставшиеся населенные пункты Диханколь, Узынарык, Алшалы, Каскасу, Верхний Каскасу, Керегетас и Кенесарык получать доступ к голубому топливу в скором будущем.