Сайрам ауданында қызметтік пәтерлер бой көтерді

Өңірдегі кадр тапшылығын шешу мақсатында 2017 жылы қызметтік тұрғын үй салу қолға алынған деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының тапсырмасымен Сайрам ауданы Ақбұлақ елді мекенінде сол жылы қызметтік пәтерлердің құрылысы басталды.

Екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталуға жақын қалған құрылысын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков  аралап, көріп қайтты. «NK Building» ЖШС мердігер мекемесі нысанды жоспарға орай биыл тапсырады деп жоспарланып отыр. Бұл білікті кадрларды жұмысқа тартуға, жұмыс сапасын арттырудың тиімді әдісі болмақ.

Айта кетейік, Сайрам ауданында тұрғын үйге кезегіне тіркелген азаматтардың жалпы саны – 1934. Оның  330-ы мемлекеттік және әскери қызметтегі азаматтар.

В Сайрамском районе возводят служебное жилье

В целях решения дефицита кадров в регионе в 2017 году начато строительство служебного жилья передает пресс-служба акима Туркестанской области.

По поручению главы региона в селе Акбулак Сайрамского района в этом  году началось строительство служебных квартир.

Аким района Уласбек Садибеков ознакомился со строительством двухэтажного 12-квартирного жилого дома. Подрядная организация ТОО «NK Building» планирует сдать объект в текущем году в соответствии с планом.

Отметим, что в Сайрамском районе 1934 граждан, состоят на учете в очереди на жилье, из них 330 — работники государственной и военной службы.