Әйелдерге арналған мерекелік шара Төлеби ауданында жалғасты. Төлебилік тәртіп сақшылары мәжіліс залында мейрамға арналған іс-шара ұйымдастырды. Мұнда қызметте үлгілі болып, оң нәтижеге қол жеткізген арулар марапатталды.
Сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан милиция капитаны Оралхан Шанбаевтың қара шаңырағына барып, сол үйдің түтінін өшірмей отырған асыл анамызды құттықтады. Деніне саулық, отбасына амандық, әрдайым көктемнің гүліндей жадырап-жайнап жүруіне тілек білдірілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі