«Қазпочта» АҚ Шымкент қаласы әкімдігінің ұсынысы бойынша «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» почта маркалары сериясы аясында «Шымкент қаласына 2200 жыл» почта маркасын қолданысқа енгізді. Марканы «Қазпочта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен сатып алуға болады. Айта кетсек, ЮНЕСКО Бас конференциясының 40-шы сессиясының шешімімен Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2020-2021 жылдарға арналған атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген болатын. Мерейтойды мерекелеу аясында қалада бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі