Мекеме 70 орынға лайықталған, жыл басынан бері 962 зейнеткер сауықтыру қызметін алды. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. 2023 жылдың қарашысында іске қосылған сауықтыру кешені жасы бойынша зейнетке шыққан азаматтардың қысқа мерзімде демалуы мен емделуін жүзеге асыру мақсатында құрылған. Мекеме 70 орынға лайықталып, жыл басынан бері 962 зейнеткер сауықтыру қызметін алды. Ем алушылар мекемеге түскен сәттен бастап дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулығы мен жасы ескеріліп, емдік іс-шараларды тағайындалады. Дәрігерлердің ұсынуынан кейін электромагнитті терапия, сумен емдеу, ЕДШ, дәрілік шөптердің тұнбалары демалушыларға ұсынылады. Ал, физиотерапия бөлмесінде электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық пен кереует, аяқ массажеры, тағы да мамандардың көмегімен емдік шаралар жүргізіледі. Демалушылар үшін ғимаратта арнайы электромагнитті терапия бөлмесі, дәрілік шөп тұнбалары ұсынылатын фито бар, сумен емдеу орталықтары – бассейн мен фитобочка, кітапхана, мәжіліс залы, ем-шара бөлмелері, теріні қатайтуға және арықтауға арналған заманауи 7В 1 комбайн аппараты қарастырылған.
Сондай-ақ, электрофорез, парафинмен емдеу, Гидро-Джен вакумдық гидропилинг, крио, ультрафонофрез, спрей, УЗ-скабер, электропорация және физикалық терапия да зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Музыка терапиясы, хореография, үстел ойындары (шашка, шахмат), караоке залы тағы да басқа мәдени сауықтыру қызметтері көрсетіледі.
Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды шипажайларда санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету де қарастырылған. Биылдан бастап шипажайларда қызмет алу күндері 6 күннен 10 күнге ұзартылды. Жыл басынан бері «Денсаулық» профилакториясы, «Ақсу Жабағылы» шипа жайы, Тараздағы Айша бибі, Арыс шипажайы мен Ақсу-демі және Кәусар-бұлақ шипажайларына 4 мыңға жуық адам жолдама алған.
Қызмет алушылардың мәдени тынығуы үшін қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мекемесінің «Абай» атындағы №5 кітапхана бөлімшесімен меморандум түзіліп, бірігіп іс- шаралар өткізіледі. Кітаптар қорын кітапхананың осы бөлімшесі толықтырып тұрады. Демалушыларға 5 мезгіл уақытылы және ыстық тағамдар ұсынылып, сапалы тамақтануы мамандар тарапынан қадағаланады. Сенатор Айгүл Жарылқасынқызы сауықтыру кешенін аралау барысында қызмет алушылар жасалып жатқан жағдай үшін алғысын айтып, өз ризашылығын жеткізді.
Be the first to comment on "«Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты"