Тұран ауданында қоқыс жәшіктері жаңартылуда

Қала көркін қашыратын қолданыстағы қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмыстары басталды.

Бүгін жоспар бойынша бұл жұмыстар Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінде жүргізілді.

Алдағы күндері Асқаров, Момышұлы, Мангельдин көшелеріне, Республика, Рысқұлов даңғылдарына, Темірлан тас жолы бойына заманауи талапқа сай 300 жаңа қоқыс жәшігі орнатылатын болады.