Қордай ауданында жаңа стационарлық бекет жұмысын бастады

Қордай

Қордай ауылында тәулік бойы қызмет атқару режимі бар стационарлық бекет ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов, Қордай ауданы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдос Тобышақов және ардагерлер қатысты.

Жаңа нысанда тәулік бойы бейнебақылау ішкі және сыртқы жағынан жүргізіледі. Бөлмеде компьютер, стационарлық телефон, дабыл түймесі бар.

Патрульдік полиция қызметкері мен учаскелік полиция инспекторы бейнетіркегіштер және планшеттермен қамтамасыз етілген.

Бұл күні сондай-ақ, патрульдік полиция қызметкерлеріне 2 жаңа қызметтік автокөліктің кілттері табысталды.

— Жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында біздің алдымызға қол жетімділікті, жеделдікті, жан-жақтылықты қамтамасыз ету, көмек көрсетудің кез келген мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимылды нығайту міндеті қойылды. Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандағы стационарлық бекет құқық бұзушылықтардың алдын алу және полицияның «қадамдық қолжетімділік» қағидатын жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді», — деді Қордай АПБ бастығы Әлімхан Қарымсақов.