Отырар ауданының шенді арулары, облыстың бас полицейі мен аудан әкімінің алғысына бөленді

Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы Ермек Усербаевтың ұйымдастыруымен, “Мәдиениет сарайында” ішкі істер саласында қызмет ететін бірқатар қыз — келіншектер мен зейнеткерлікке шыққан аналарымызға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Аталған жиынға аудан әкімі С.А.Сұлтанханов қатысып, барша полицей аруларды айтулы күнімен құттықтады. Сондай-ақ аудан қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еңбек етіп жүрген нәзік жандыларды марапаттады.

Ал полиция майоры Айнұр Тулеуова, ТО ПД-нің бастығы полиция генерал — майоры М.Қабденовтің “Грамотасын” алса, полиция капитаны Динара Ерденова генералдың “Алғыс хатымен” марапатталды.

Мерекелік іс шара соңы концерттік бағдарламамен ұласып, барша өнерпаздар өз құттықтауларын өнерлерімен жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі