Полиция қызметкерлері үш жылдан астам уақыт жасырынған қашқын адамды ұстады

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталып,  үш жылдан астам уақыт жасырынған  қашқын адамды ұстады  деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

2017 жылдың қазан айында Жуалы ауылдық округінің орталық аудандық ауруханасынан аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне оқ-дәрімен жараланған 30 жастағы Қошқар ата ауылының тұрғынын стационарға жеткізгені  туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған дерек  ҚР Қылмыстық кодексінің   24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу)  бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен тергеуден қашып жүрген   30 жастағы жергілікті тұрғын  анықталды. Күдікті қашқынға қатысты бірқатар сараптамалар жүргізіліп,  дәлелді айғақтар  алынғаннан кейін сот оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.  Сол жылдың 22 қарашасында оған  іздеу жарияланған.

Үш жылдан астам уақыт бойы күдікті қудалаудан  жасырынып келді. 2021 жылғы 29 наурызда Жамбыл облысының полицейлері жедел ақпарат алғаннан кейін Шымкент қаласында іздестірілуде жүрген  адамды ұстады.

Қазіргі уақытта  ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Сотрудники полиции Жамбылской области задержали беглеца, скрывавшегося более трёх лет за покушение на убийство

В октябре 2017 года из центральной районной больницы Жуалынского сельского округа в дежурную часть районного отдела полиции поступила информация о доставлении в стационар 30-летнего жителя села Кошкар-ата с огнестрельным ранением передает пресс-служба ДП Жамбылской области.

В ходе оперативно-розыскных мероприятий по подозрению в совершении данного преступлении был установлен 30-летний местный житель, который скрылся от следствия. После произведённых ряда экспертиз и получения веских доказательств в отношении подозреваемого беглеца, суд определил ему меру пресечения в виде содержания под стражей. 22 ноября того же года он был объявлен в розыск.

Более трёх лет подозреваемый умело скрывался от преследования. И вот, 29 марта 2021 года, после получения оперативной информации полицейские Жамбылской области задержали разыскиваемое лицо в городе Шымкент.

По данному факту ведется досудебное расследование по ст. 24 ч.3 – 99 ч.1 УК РК (Покушение на убийство).

Сейчас он задержан и водворен в изолятор временного содержания. Проводятся следственные мероприятия.