Абылахан Жылқыбаев төрағалық еткен жиынға, Қазығұрт аудан әкімі А.Исмаилов, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1) Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
«Қазығұрт су шаруашылығы» мекемесі есебі;
2) Жаңабазар ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
3) Қ.Абдалиев ауылдық округі әкіміне, Алтынтөбе ауылдық округі әкіміне, Жаңабазар ауылдық округі әкіміне, Жер қатынастары бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзу фактілері туралы ;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Баяндамалардан кейін кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Субсидия, жылдық жоспарды атқаруға маман жетіспеушілігі туралы, жайылым жерлер, мониторинг жүргізу, ағын су мәселесі, каналдарды механикалық тазалау мәселесі, бензин бағасын тұрақтандыру туралы, малдары асылдандыру, жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, ішкі көшелерді асфальттау, газ мәселесі, электр бағаналарын ауыстыру мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.