Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болды

Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. Сайрам аудандық мәслихатының «Аудандақ мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №24-142/VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына қорытынды беру туралы.

2. «Сайрам ауданының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын бекіту туралы» Сайрам аудандық мәслихатынң 2022 жылғы 22 қарашадағы №22-132/VII шешіміне толықтырулар енгізу туралы Сайрам аудандық мәслихатының шешім жобасына қорытынды беру туралы.

3. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.

4. Көлкент ауыл округі әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сайрам экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева ақпарат берді, екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Абылғазиевке сөз берілді, үшінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рысқұл Есполай және төртінші мәселе бойынша Көлкент ауыл окрукгінің әкімі Уткиржан Юлдашевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.