«Алаш арыстары» Қазығұрттың төрінде!

2021 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығаны арналған, Тәуелсіздік идеясын ХХ ғасырдың басында бастаған Алаш арыстарының рухына тағзым етіп, олардың қазіргі қазақ ұлты алдында мәңгі жадында қалатын естеріне саяси баға беріп белгілі ел жанашыры, қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы — Бекет Тұрғараұлы Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылында «Мәңгілік Ел» тарихи-мәдени кешенінде қазақ зиялыларымен бірге «Алаш арыстары» ескерткішін ашты. Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында — Алаштың, «Алаш» партиясының қайраткерлері, ғасырда бір туар тұлғалары, азаттық идеясы үшін күресіп, Тәуелсіздік туын тігуді арман тұтып, елі мен жеріне жасаған өшпес қызметінде құрбан болған асыл азаматтарды еске алуға арналып Еліміздің зерттеуші-зерделеуші, зиялы қауымын, бір қатар аймақтарынан қоғам қайраткерлерін, жоғарғы оқу орындарының профессорлары, академиктерді, Қазақстан Республикасының Үкіметінен қызметкерлерді және Парламентінен депуттарын жинады.Жиынға кәсіподақтар тарапынан «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласы және Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері, қайта өңдеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіпорны қоғамдық бірлестігінің төрағасы Барлыбай Қуандықов, кәсіподақ ардагері Досыбай Шерімқұлов арнайы шақырылды.Сонымен қатар, «Анаға тағзым» атты және «Қажымұқан Мұнайтпасұлына» арналған ескерткіштер ашылды.

Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы