Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің бүгінгі өткен отырысында жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар профилактикасы мен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстардың ақпараттары туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби және Еңбекші аудандық полиция басқармасы басшылығы жасаған баяндама Қоғамдық кеңес құрамы тарапынан кері қайтарылып, келесі айға қалдырылды. Өйткені, басқарма басшыларының орнына жақында ғана тағайындалған міндетін атқарушы қатысып есеп бергісі келгенімен қосымша қойылған сұрақтарға дайын болмады. Кеңес төрағасы Бұхарбай Нұрғазы Бақытбайұлы кеңес отырысына тиісті деңгейінде дайындықсыз келген органның жоғары тұрған орган басшылығына арнайы хат жолдап, ескертпе беруді жөн деп санап, ұсыныс кеңес құрамынан қолдау тауып, келесі қыркүйек айында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығын аталған тақырыптарда қайта тыңдауды жоспарға алу бойынша ортақ шешімге келді.Кеңес отырысына кеңес мүшесі ретінде онлайн режимде қатыстым.Сондай-ақ, Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Қаныбеков Асқар Сәкенұлының, қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлының, қалалық Білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының есептері тыңдалды.Ең көп талқыланған білім саласы болды. Өйткені, биыл онлайн режимнен офлайн оқуға көшкендіктен, жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы мен кадрлармен толықтыру жайы, сонымен қатар, мектеп директорларын қабылдау комссиясының құрамының өзгеріп тұруы бойынша ұсыныстар айтылды.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру бағытының бірі ретінде өңірлердегі қоғамдық кеңестер тиісті деңгейінде жұмыстар атқарып келеді және ашық пікір айтушы алаң болып табылады.Осы ашық алаңда айтылған қоғамдық пікірлерді естуші мемлекеттік мекеме басшыларына сенім білдіреміз.
Ntime.kz