Шымкентте «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 8-14-қараша аралығында Шымкент қаласының аумағында республикалық денгейдегі жеті күндік «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды ашу және жолын кесу, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтау болып табылады. Іс-шара аясында интернет кеңістігіне мониторинг жасау, интернет парақшалар мен әлеуметтік желілерге талдау жүргізу, оның нәтижесі бойынша жалған қызмет және тауар түрлерін ұсынатын, заңсыз қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтап, оларға қатысты заңды шара қолдану көзделуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі