Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдымен ағымдағы жылы бекітілген «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспары» негізінде, аудан әкімі А.Сәбитовтың тапсырмасымен ақпараттық-насихат тобы құрылып, бекітілген кестеге сәйкес Қарасу ауылында орналасқан №14 М.Сапарбаев атындағы және №28 Ақбай жалпы білім беретін мектептерінің мәжіліс залында мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесулер өтті.
Мақсаты: аудан көлеміндегі мектеп оқушыларын құқықбұзушылыққа бармауын, ұялы телефондары мен әлеуметтік желілерін бақылауда ұстауын, балалардың тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, филиал маманы Айтов Сайфуддин Бейсенбайұлы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары қатысты.
Б.Айтбаев өз сөзінде: аудан азаматтарын мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен реформалар төңірегінде біріктіруге, оқушы жастар арасында ортақ Отанының тағдырына қатысы барын сезіну, мемлекеттік тілді жетік меңгеру, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді құрметтеу, халқымыздың мәдениетін, ғұрыптары мен дәстүрлерін құрметтеуге негізделген отанға деген сүйіспеншілік идеалдарын ілгерілету, қоғамда өзара түсіністік пен келісімді нығайту, жалпыұлттық құндылықтарға және «алуантүрлілік бірлігі» қағидатына негізделген ұлттың бірегей мәдени кодын жан жақты нығайту- деп ойымен бөлісті.
Кездесуде қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.