Жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық  бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.  Шымкент қаласы білім басқармасы Қосымша білім беру оқу салалық орталығының «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстардың» алдын алу мақсатындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың» алдын алу және «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың» алдын алу тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға мектеп директоры Арыков Қайрат Төлегенұлы, «Ұлдар» кеңесінің жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Тулеев Мұхар Акимханұлы, ДТЖЖО А.А.Акбарова, Н.Б.Сарсенбекова, мектептің педагог-психологы Кынатова Ұлданай Садуахасқызы қатысты. Іс-шара барысында «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып отырғандығы өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайтындығы туралы сөз өрбіді. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінетіндігі туралы айтылды.Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі екені туралы айтылды.Іс-шара барысында тақырыпқа сай бейнебаяндар көрсетілді.