Салауатты өмір салтын насихаттау

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазір жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Мемлекет басшысымен 2022 жыл – Балалар жылы болып жариялануына орай, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық сабақтар өткізілді.

Жастар біздің  болашағымыз.Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №132 мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу мақсатында есірткіні тұтыну және таралуының алдын алу аспектілері туралы 15.11.2022ж. жоғары сынып оқушыларымен дәрігер-нарколог маман Карлыгаш Жаркынбековна түсіндірме жұмысын жүргізді.

«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық зомбылықтың, аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу» мақсатында жарияланған айлық жоспары негізінде кезектегі іс-шара жасалынды. Нарколог маман баяндама оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жоғары сынып оқушыларына ДТЖЖО Г.Кантееваның басшылығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға үгіттеді.

«Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

 Кездесу соңында мектеп оқушылары тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.