Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы еліміздегі өрт сөндіруші және құтқарушыларды даярлайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болып табылады. Курсанттардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған бұл академияда оқуда озат, белсенді болған курсанттардың тіпті Ресей Федерациясында оқуына мүмкіндік бар. Бүгінде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде аталған білім ордасына түсуге үміт білдірген түлектерден құжат қабылдау басталып та кетті. Осы орайда аталған оқу орнына түсуге үміткерлер мен олардың ата-аналары Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасаққа арнайы келді. Бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына Қызмет бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қ. Арсланов өрт сөндіру техникалары мен жарақтары таныстырды, жасақ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Таукеев мұражайға саяхат ұйымдастырды. Сонымен бірге өрт орын алған жағдайда жасалатын іс-қимыл тәжірибе жүзінде көрсетілді. «Ontustik», «NarTV» және «Отырар» телеарналары ақпараттық сүйемелдеу көрсеткен бұл іс-шарада академияға түсу шарттары да кеңінен түсіндірілді. Қайсар мамандарды даярлайтын Азаматтық қорғау академиясы -жастарымыздың жарқын болашағының кепілі.
Қызметтің қоғаммен байланыс тобы